Сайт және мәтінді транслитерациялау

Басты бет

Қонақ үй
Пресс-релиз
Қалай қолданамыз?
Сайт жасаушыларға
Сайт қосу
Кодировка кестелері
Біз туралы

старт:02-03-2010 17:00:00

Сайт және мәтінді транслитерациялау


ПРЕСС-РЕЛИЗ

Баспасөз баяны!

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Бүгінгі таңда қазақ әліпбиінің өзекті мәселелері шешілді. Латын әрпіне көшуге де, көшпеуге де болады, әр жағдайда да енді қиындық болмайды. Әліпби өзгерген жағдайда кітаптарды қайта басып, артық шығын шығарудың қажеті жоқ. Адамдарды қайта оқытып та әуре болмаймыз. Әркім қолданып жүрген әліпбиін пайдалана беруіне немесе қорықпай-ақ қалаған әліпбиге көшуіне болады. Енді хаттарды бір әліпбимен жазып, басқа әліпбиде жіберіп, үшінші әліпбиде оқуға болады. Енді кез келген әліпбиде жіберілген жолдауларды немесе хаттарды оқуымызға және қалаған әліпбиді қолданып қарым-қатынас жасауымызға болады. Әліпби мәселесінен туындаған шығындарды жойдық, сонымен барлық қазақтарды әліппиге тәуелсіз біріктіруге еңбек еттіп, Қазақстандағы ИТ саласының дамуына өзіміздің үлесімізді қостық.

2010 жылдың наурыз айының 2 -ші жұлдызында біз осы мәселені шешетін
http: //soft.elrayi.kz. сайтын іске қостық.

Бұл сайттың қолдануда беретін мүмкіндіктері:

1. Кез келген сайтты латын әліппесіне немесе араб (төте жазу) әліпбиіне аударып береді;
2. Кез келген мәтінді кирилл әріптерінен латын әріптеріне немесе араб әліпбиіне, сондай-ақ, керісінше араб әліпбиінен және латин әліпбиінен кирилл әріптеріне аударып береді;
3. Кез келген сайтта транслитерация қызметін қолдануға мүмкіндік ұсынады. Енді сайт иелері мұндай мәселелерді өз бетінше шешуді қажет етпейді және қолдануы қажет болғанда қажетті беттерге арнайы біз ұсынған батырманы орналыстырса болғаны, кез келген мәтін қалағаныңызша сізге қажетті әліпбиге аударылатын болады. 4. Латин, төте жазу, кирилл әліппилерін қолданатын виртуалды клавиатура ұсынады. Жер шарының кез келген жерінен мәтінді білетін әліппимен теріп, немесе қабылдаған мәтінді редакторға салып, қолданатын әліппиіне аулдарып оқып алуға мүмкіндік береді.

Жасаушы: +7-707-819-75-91 Райымбек.

/

Біздің қызметті қолданғандар

http://www.elrayi.kz
http://www.inust.kz/